Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы КОНВЕНЦИЯ (Ақтау қ., 2018 ж. 12 тамызда)
ҚР 2019 жылғы 8 ақпандағы № 222-VІ Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Конвенцияның қатысушылары - Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттер - Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының және халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын негізге ала отырып, Тараптар арасындағы ынтымақтастық, тату көршілік және өзара түсіністік ахуалын ескере отырып, Тараптар арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды тереңдету және кеңейту ниетін басшылыққа ала отырып, Тараптар үшін Каспий теңізінің өмірлік маңызды мәні бар екеніне және олар ғана Каспий теңізі мен оның ресурстарына қатысты егемендік құқықтарға ие екендігіне сүйене отырып, Каспий теңізіне қатысты мәселелердің шешімі Тараптардың айрықша құзыретіне жататынын атап көрсете отырып, Каспий теңізінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени маңызын тани отырып, Каспий теңізінің сақталуы, өңірдің орнықты дамуы үшін қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы ез жауапкершілігін сезіне отырып, осы Конвенция Тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне, Каспий теңізін бейбіт мақсаттарда пайдалануға, оның ресурстарын ұтымды пайдалануға, оның табиғи ортасын зерделеуге, қорғауға және сақтауға жәрдемдесетініне сенімді бола отырып, Каспий теңізінде өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып, Каспий теңізі өңірінде орын алған геосаяси және ұлттық деңгейдегі өзгерістер мен процестерді, Тараптар арасындағы уағдаластықтарды және осыған байланысты - Каспий теңізінің құқықтық режимін жетілдіру қажеттігін ескере отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін төмендегі терминдер мынаны білдіреді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|