«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 90 бұйрығымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп ұстау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10163 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (27967) «Казахстанская правда» газетінде, 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (28569) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп ұстау ережесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидасы тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау мен күтіп-ұстау тәртібін айқындайды.»; 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|