|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 36-ө өкімін қараңыз
1-бап. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 44-құжат; 1999 ж., № 10, 344-құжат; 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2007 ж., № 12, 84-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 93-құжат; 2017 ж., № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 21-1-бап алып тасталсын; 2) 22-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-2. Ведомстволар, департаменттер және басқармалар министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді министр бекітеді. Министрлік департаменттері мен басқармаларының жиынтығы оның аппараты болып табылады.»; 3) 24-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ведомство құрылымын тиісті орталық атқарушы органның басшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін құрылымына осы ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.». 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 желтоқсан № 392-VI ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |