Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің автомобиль жолдары саласындағы кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12099 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қазанда жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларында: 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты немесе бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты Ұлттық оператор жеке және заңды тұлғалар сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты алуға өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Ұлттық оператор өтініш беруші ұсынған құжаттардың, оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты беруден бас тартады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|