Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі № 367 және № 368 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы (2022.09.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2022.09.03. № 114 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде: 6-тармақтағы «Мәдениет министрлігі» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төраға
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Ермек Әмірханұлы ақпарат және спорт вице-министрi, төрағаның орынбасары
Айталы - Қазақстан Республикасының Парламентi Амангелдi Әбдiрахманұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша)
Қамзабекұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Дархан министрлігінің Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi Гуманитарлық институтының директоры
Қасқабасов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Сейiт Асқарұлы министрлігі »М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
Оңғарсынова - Қазақстанның халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынқызы (келісім бойынша)
Шаханов - Қазақстан Республикасының Парламентi Мұхтар Шаханұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша)
мына:
«Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет Бауыржан Жұмаханұлы министрлігі Тілдердi дамыту жөніндегі департаментінің директоры, хатшы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Омаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет, Бауыржан Жұмаханұлы ақпарат және спорт министрлігі Тiл комитетiнiң төрағасы, хатшы»;
көрсетiлген құрамнан Қасейiнов Дүйсен Қорабайұлы, Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Әбдiрахманов Сләмқұл Әбдiрахманұлы, Әбдiлдин Жабайхан Мүбәракұлы, Керiмбаев Есенгелдi, Қалиұлы Жекен, Мұртаза Шерхан шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|