ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: 1) «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында: 1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.»; 16-тармақ алып тасталсын; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалатын мерзімдерде жүргізіледі. Егер «Б» корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан аз болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді.»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалатын адамдар жүргізеді.»; 31-тармақ алып тасталсын; 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «32. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері бағалау парағында тіркеледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|