|
|
|
Осы редакция 2017 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген
Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің
1. Осы Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері: 1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау; 2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылыми негіздерді алуын қамтамасыз ету; 3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; 4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу; 5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу. 3. Білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 3-2-тармақпен толықтырылды 3-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады. 4. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады. 5. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 6. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады. 7. Ақылы білім беру қызметтерін іске асыратын мемлекеттік емес білім беру ұйымдарындағы білім алушының, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары оқу мерзімін, оқу үшін төлем мөлшерін, өзге де жағдайларды айқындайтын шартпен реттеледі. 8. Білім алушыларды құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарынан шығаруға білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарынан шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарынан шығарылған балалардың жалпы орта білім алуы түзеу мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектепте, кешкі, жеке меншік мектепте немесе экстернат нысанында жалғасады. 9. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
2. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі Қызметін ұйымдастыру
10. Оқушылар, педагог қызметкерлер, оқушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдер білім беру процесінің субъектілері болып табылады. 11. Негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттар береді. 12. Педагогтік қызметпен айналысуға тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметке сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді. 13. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
14. Білім беру ұйымдары білім беру процесін жалпы орта білім беру деңгейлерінің: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 (10) сыныптар) және жалпы орта (10-11 (12) сыныптар) білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. 15. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - төрт жыл. 16. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - бес жыл. Он екі жылдық білім беруге көшкен кезде негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - алты жыл. 17. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (3-деңгей) жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл. 18. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің мүдделерін ескере отырып, жергілікті білім беруді басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкін. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады. 19. Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. 20. Білім беру ұйымдарында қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылады. 21. Білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі. 22. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады. 23. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттердің ең шағын үй-жайлары медициналық қызметкердің кабинеті мен процедуралық кабинетті қамтиды. Жалпы білім беретін мектептің штаттық кестесі медициналық қызметкер (медбике, дәрігер) бірлігін қамтиды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мектептегі медициналық қызметкер өз біліктілігін уақытылы арттырып отырады. Шағын жинақты мектептерде медициналық пункт және медициналық қызметкер болмаған жағдайда медициналық қамтамасыз етуді өңірлік алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары жүзеге асырады. 24. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді. 25. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді. Жалпы білім беретін ұйымдардың барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) кемінде 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол беріледі. 26. Білім беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы - қырық бес минут (арнайы сыныптарда - қырық минуттан аспайды). Білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндізгі оқу жүктемесі бастауыш сыныпта бес сабақтан және негізгі мектепте жеті сабақтан, жоғары сыныптарда сегіз сабақтан аспайды. 27. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады. 28. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін дербес таңдайды. 29. Білім беру ұйымдары өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін дербес таңдайды. 30. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 31. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтеді. Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, жалпы білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
32. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады. 33. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 34. Білім беру ұйымының басшысы: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 35. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |