|
|
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне және сот тәжірибесін одан әрі қалыптастыру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты өлді деп жариялау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 1968 жылғы 25 қыркүйектегі № 9 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 14 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге: 1) кіріспеде бүкіл мәтін бойынша «милиция» деген сөз «полиция» деген сөзбен ауыстырылсын. 2) мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.». 2. «Мүлікті тыйым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы» 1975 жылғы 24 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1978 жылғы 21 қыркүйектегі № 18, 1987 жылғы 2 қазандағы № 11, 1988 жылғы 23 қыркүйектегі № 7, 1998 жылғы 15 мамырдағы № 5 қаулыларымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 13, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге: 1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Талап арыз қылмыстық іс бойынша сот үкімі күшіне енгеннен кейін, бірақ осындай талаптарды қою мерзімі өткізіліп барып берілген жағдайда судья талап арыздарды қабылдаудан бас тартуға құқылы емес. Мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін заңда белгіленген тәртіппен талқылау қажет.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |