Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 және «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2020 жылғы 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде: 1-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (Ережеге қатысты) - өздерін табыс әкелетін жұмыспен қамтамасыз ететін дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді.»; 14-тармақтың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «14. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушіге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді. Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|