«Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Екiншi деңгейдегi банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Екiншi деңгейдегi банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта: 1) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті - есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей; 2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 20-1) тармақшасында көзделген есептілікті - есепті күннен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей; 3) апта сайын осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есептілікті - есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|