Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарлығаш балабақшасы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Президента Іс басқармасының Медициналық орталығы» деген бөліммен және реттік нөмірі 295-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы 295. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|