Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына 3-қосымша
Осы редакция 2020 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары
1. Осы Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады: 1) импорттаушы - өнімді (тауарды) Қазақстанның ішкі нарығында өткізу үшін шеттен әкелетін жеке немесе заңды тұлға; 2) тану (сәйкестікті растау саласында) - Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі орган импорттаушыда (өтініш берушіде) болатын шетелдік сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сынақ хаттамасының немесе сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттың негізінде өнімнің, қызметтердің немесе процестің қауіпсіздігін жазбаша растайтын рәсім. 3) сәйкестік сертификатын ұстаушы - өндіретін өнімін сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өнімді Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен сәйкес жүргізілген сәйкестік сертификатымен немесе халықаралық шарттарға сәйкес ресімделген оның көшірмелерімен сүйемелдеу құқығымен сертификаттаған жеке немесе заңды тұлға. Осы Қағидалардағы өзге анықтамалар «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|