«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) аукциондық баға - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алудың аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті шекті аукциондық бағасы деңгейінен аспайтын бағасы;»; 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - қаржы-есеп айырысу орталығы) - уәкілетті орган айқындаған, Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға; 5) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі - сатып алу шарты) - сатып алушы ретіндегі қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|