2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (Мәскеу қ., 2023 жылғы 25 мамырда)
ҚР 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 75-VIII Заңымен ратификацияланды 2024 жылғы 25 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 53-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ұқсас (салыстырмалы) реттеуді белгілеу мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасында өнімге қойылатын міндетті талаптарды, сәйкестікті міндетті бағалауды жүргізу қағидалары мен рәсімдерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге қатысты жалпы қағидаттар мен тәсілдерді Жоғары кеңес айқындайды.»; 2) XI бөлімнің атауы «, шұғыл фитосанитариялық шаралар» деген сөздермен толықтырылсын; 3) мынадай мазмұндағы 591-баппен толықтырылсын: «591-бап Шұғыл фитосанитариялық шаралар 1. Шұғыл фитосанитариялық шаралар Одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген және фитосанитариялық қауіп төндіретін зиянды организмдерге қатысты тиісті зиянды организмдер көрсетілген тізбеге енгізілгенге дейінгі кезеңге не зиянды организмдерге қатысты мұндай қауіптің жоқтығын растайтын фитосанитариялық қауіпті талдау нәтижесі алынғанға дейін қолданылады. 2. Мүше мемлекет мынадай жағдайларда: 1) фитосанитариялық шараларды қолданудың тиісті және жеткілікті ғылыми негіздемесі болмағанда немесе тиісті халықаралық ұйымдардан, мүше мемлекеттерден, сондай-ақ үшінші елдерден қабылданатын фитосанитариялық шаралар туралы ресми ақпарат алған кезде мұндай негіздемені қажетті мерзімдерде ұсыну мүмкін болмағанда; 2) зиянды организмдерге қатысты осындай қауіптің болуын растайтын фитосанитариялық тәуекелді талдау нәтижесін алғанда шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізуге құқылы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|