«Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16543 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиациялық бақылау жүргізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 402-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. «Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының жіне Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің тауар позицияларына кіретін тауарлар: 2612 – урандық немесе торийлік кендер мен концентраттар; 2844 – химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді және изотоптарды шығаратын қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдер бар қосындылар мен қалдықтар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|