«Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) − өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган; 2) құқық белгілейтін құжаттар – солардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын құжаттар; 3) объектіні пайдалануға қабылдау актісі – бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат; 4) сәйкестік туралы декларация – мердігер (бас мердігер) құрылысы аяқталған объектінің орындалған жұмыстарының бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|