Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2021 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
«Бизнестің жол қартасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (2021.13.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды. 2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша; «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі - Тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады. 3. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлердің төлейтін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады. 4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|