Осы редакция 2018 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 36-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы
1. Жалпы ережелер
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160000, Қазақстан Републикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Майлы-Қожа көшесі, 5. 9. Департаменттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|