«Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.»; 5, 6, 7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|