«Өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: «Өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5 және 6-тармақтарына және 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді және (немесе) фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнен алынған өнімді өндіруді, дайындауды, сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|