|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі – асыл тұқымды жануарлардың саны, тұқымдары, өнімділік бағыттары бойынша деректер жиынтығы;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) асыл тұқымдық құндылық – асыл тұқымды жануардың селекцияланатын белгілерінің деңгейі және оларды ұрпағына беру мүмкіндігі;»; 7) тармақшадағы «мал», «республикалық» деген сөздер тиісінше «жануар», «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) тармақшадағы «бекіткен» деген сөз «айқындаған» деген сөзбен ауыстырылсын; 9) тармақша алып тасталсын; 10) тармақшада: «малдың ұрығын өткізу» деген сөздер «жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын; «бағаланған» деген сөз алып тасталсын; «малдың ұрығын сатып алу» деген сөздер «жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын; «қызметті бастағаны» деген сөздер «қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны)» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-1) тармақша алып тасталсын; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алумен, жинақтаумен, сатып алумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;»; 16), 20) тармақшалардағы «мал», «асыл тұқымды малды», «малдың», «малы (бұдан әрі – мал)», «малдардың» деген сөздер тиісінше «жануар», «ауыл шаруашылығы жануарын», «жануардың», «жануары (бұдан әрі – жануар)», «жануарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 23-1) тармақшада: «(бағалау)» деген сөз алып тасталсын; «басталғаны» деген сөзден кейін «(тоқтатылғаны)» деген сөзбен толықтырылсын; 23-2) тармақшада: «(бағалау) – тиiстi сынып немесе индекс» деген сөздер «– жануарларды тиiстi сынып» деген сөздермен ауыстырылсын; «малдардың асыл тұқымдық құндылық деңгейін айқындау» деген сөздер «бағалау» деген сөзбен ауыстырылсын; 23-3), 23-4) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «23-3) бірінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш буыны бойынша ақпарат бар, әкесі жағынан шығу тегі молекулярлық генетикалық сараптама негізінде расталған және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал; 23-4) геномдық бағалау – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын, жануардың селекцияланатын белгілерінің генетикалық құндылығын олардың геномдық ақпараты негізінде болжамды бағалау; 24) екінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш буыны бойынша ақпарат бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;»; мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын: «24-1) ен салу – тиiстi жануарды дәл сәйкестендіруге мүмкiндiк беретiн, нөмiр салу (белгі, татуировка жасау, таңба басу), сырға және чип салу, сақиналау арқылы асыл тұқымды жануарды белгiлеу; 24-2) жануардың тұқым-тегi – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;»; 27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «27) индекстік бағалау – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын, селекцияланатын белгілері бойынша жануардың асыл тұқымдық құндылығы деңгейін айқындау әдісі;»; мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын: «31-1) мамандандырылған зертхана – молекулярлық генетикалық сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ заңды тұлғаның аккредиттелген құрылымдық бөлімшесі;»; 32) және 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «32) молекулярлық генетикалық сараптама – жануардың шығу тегінің анықтығын бағалау және (немесе) генетикалық ауытқуларды анықтау мақсатында жүзеге асырылатын, оның биологиялық материалын зерттеу; 33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс – жануарлардың асыл тұқымдық сапаларын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешені;»; 34) тармақшада: «малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін» деген сөздер «жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және» деген сөздермен ауыстырылсын; «пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал» деген сөздер «, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын: «34-1) селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануарының карточкасы – шығу тегі, өнімділік және оның өзге де сапалары туралы деректерді қамтитын, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ресімделетін бастапқы шаруашылықішілік есепке алу нысаны; 34-2) таза қанды жануар – бекітілген кезінен бастап шығару кезінде бір тұқым пайдаланылған жануар;»; 36-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «36-1) таза тұқымды жануар – мыналардың: бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру; екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру; бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру; екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануар;»; мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын: «37-1) таңбалау – асыл тұқымдық материалға және (немесе) оның қаптамасына салынатын мәтіндік және (немесе) графикалық ақпарат;»; 39) тармақшада: «ауыл шаруашылығы жануарын» деген сөздер «жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын; «қызметті бастағаны» деген сөздер «қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны)» деген сөздермен ауыстырылсын; 41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «41) тұқым стандарты – республикалық палаталар бекітетін тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды жануарлардың фенотиптік және өнiмдiлiк көрсеткіштеріне қойылатын ең төмен талаптар;»; 44) тармақшада: «телу», «жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың» деген сөздер тиісінше «транспланттау», «асыл тұқымды жануарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын; «және ауыстырып салу» деген сөздер «және транспланттау (ауыстырып салу)» деген сөздермен ауыстырылсын; «қызметті бастағаны» деген сөздер «қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 7 және 8-баптар алып тасталсын; 3) 10-баптың 3) тармақшасындағы «, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздер алып тасталсын; 4) 11-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;»; 5) 13-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»; 3-1) тармақшадағы «жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді және» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5), 4-6), 4-7) және 4-8) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4-2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4-3) мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 4-4) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4-5) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4-6) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4-7) бонитерді (сыныптаушыны), техник-ұрықтандырушыны және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді; 4-8) бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;»; 10) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы және» деген сөздер алып тасталсын; 11) тармақша «нысандарын,» деген сөзден кейін «оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нысанын,» деген сөздермен толықтырылсын; 13) тармақшадағы «малдың мемлекеттік тіркелімін» деген сөздер «жануарлардың республикалық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын; 13-1) тармақша «басталғаны» деген сөзден кейін «(тоқтатылғаны)» деген сөзбен толықтырылсын; 13-2) тармақшадағы «қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін» деген сөздер «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) тармақша алып тасталсын; 18) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «18) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»; «20) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізуді және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады;»; 25) тармақшадағы «тәртібін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзбен ауыстырылсын; 26) тармақшада: екінші абзац алып тасталсын; үшінші және алтыншы абзацтардағы «тәртібін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзбен ауыстырылсын; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысаны мен оларды толтыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»; 6) 14-баптың 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын; 7) 15-бап алып тасталсын; 8) 16-бапта: 1-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ «Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздерден кейін «және осы Заңға» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау: 1) ақпараттық жүйелерден; 2) ашық көздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізіледі. Асыл тұқымдық орталықтар мен дистрибьютерлік орталықтар, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалар, республикалық палаталар бармай профилактикалық бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, бұл табыс етілген (алынған) күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмауға тиіс. Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап; 3) электрондық тәсілмен – сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді (алынды) деп есептеледі. Ұсыным табыс етілген (алынған) күнінен кейінгі, ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде орындалуға тиіс. Бақылау субъектісі уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық бөлімшелерін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынымның орындалғаны туралы жазбаша хабардар етеді. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. Ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың жиілігі деректер мен ақпараттың келіп түсуіне қарай, бірақ айына бір реттен жиілетпей айқындалады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.»; 3-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;»; 5) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беруге және олардың орындалуын бақылауға құқылы;»; 8) тармақша алып тасталсын; 9) 16-1-баптың 8) тармақшасындағы «малдың мемлекеттік тіркелімін» деген сөздер «жануарлардың республикалық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 16-2-бапта: 1-тармақтағы «Жеке» деген сөз «Осы бапта аталған жеке» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: бірінші бөлікте: 1) тармақшадағы «ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу» деген сөздер «жалға алу (кемінде үш жыл)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) бонитирлеу және (немесе) индекстік бағалау жүргізуге; 3) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау және (немесе) геномдық бағалау жүргізуге;»; 4) тармақшадағы «болуы міндетті.» деген сөздер «болуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізуге міндетті.»; екінші бөлікте: 4) тармақшадағы «өнiмдiлігі жоғары асыл тұқымды тұқымдық малдың» деген сөздер «асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшада: «меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайлар кешенінің (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын» деген сөздер «өндірістік үй-жайлар кешендерінің (асыл тұқымды тұқымдық жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын; «тұқымдық малдың ұрығын» деген сөздер «асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын» деген сөздермен ауыстырылсын; «болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың» деген сөздер «меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде үш жыл) шартының немесе лизинг шартының» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «паспорттар;» деген сөз «паспорттар қоса беріледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақша алып тасталсын; 5-тармақта: бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу» деген сөздер «жалға алу (кемінде үш жыл)» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің 4) тармақшасындағы «меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында, стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың» деген сөздер «стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде үш жыл) шартының немесе лизинг шартының» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» немесе «ветеринария» бағыты бойынша білімі туралы дипломның;»; 3) тармақшада: «ауыл шаруашылығы малының» деген сөздер «жануардың» деген сөзбен ауыстырылсын; «бонитерлер» деген сөз «бонитерлерді (сыныптаушыларды) оқыту» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) «ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «ветеринария» бағыты бойынша білімі туралы дипломның немесе техник-ұрықтандырушыны оқыту курстарынан өткені туралы құжаттың немесе осы бейін бойынша кемінде алты ай жұмыс өтілін растайтын құжаттың;»; 3) тармақша алып тасталсын; 4) тармақшадағы «меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың» деген сөздер «материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде бір жыл) шартының немесе лизинг шартының» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» немесе «ветеринария» бағыты бойынша білімі туралы дипломның;»; 3) тармақшада: «ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын» деген сөздер «эмбриондарды» деген сөзбен ауыстырылсын; «курстарынан» деген сөз «жөніндегі маманды оқыту курстарынан» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың» деген сөздер «материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде бір жыл) шартының немесе лизинг шартының» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ алып тасталсын; 11) 16-3-бапта: тақырыптағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын; бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Асыл тұқымдық өнiм (материал) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық дерекқорында және (немесе) қағаз жеткізгіштерде есепке алынуға жатады. Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымды жануарлар туралы деректер енгізіледі.»; төртінші бөліктегі «малдың мемлекеттiк тiркелiмiне» деген сөздер «жануарлардың республикалық тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Жануардың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша есепке алуды жүргізеді.»; 12) 16-4-баптың 2-тармағындағы «, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн» деген сөздер «асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 16-5-бапта: бірінші абзацтағы «ғылыми-зерттеу ұйымдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды;»; 4) тармақшадағы «ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады.» деген сөздер «, оның ішінде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн;» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын: «5) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын; 6) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын; 7) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын; 8) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын; 9) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеуді жүзеге асырады.»; 14) 4-тараудың тақырыбындағы «мен оны бонитирлеу (бағалау)» деген сөздер алып тасталсын; 15) 17-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнiмді (материалды) республикалық палата уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымдық деп таниды.»; 2-тармақтағы «Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде,» деген сөздер «Осы Заңның 9-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес келген кезде» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 18, 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу 1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Ұрық мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде: 1) ұрпақ сапасы және (немесе) геномдық бағалау бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық жануардан алынған; 2) тиісті морфофункционалдық көрсеткіштері болған; 3) генетикалық детерминделген аурулары болмаған; 4) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін таңбалауы болған кезде пайдаланылады және өткізіледі. 3. Эмбрион мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде: 1) асыл тұқымды жануарлардан алынған; 2) генетикалық детерминделген аурулары болмаған; 3) асыл тұқымдық куәлігі болған; 4) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін таңбалауы болған кезде пайдаланылады және өткізіледі. 4. Ені (таңбалауы) жоқ асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуге жол берілмейді. Асыл тұқымды жануар асыл тұқымдық мақсатқа өткізілген кезде асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық куәлігі де болуға тиіс. 5. Тұқымның өсімін молайту үшін осы Заңның 19 және 20-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келетін асыл тұқымды жануарлар ғана пайдаланылады. 6. Асыл тұқымды жануарлар алынған шаруашылықтар туралы деректерді сақтау мақсатында зауытшылар туралы мәліметтер асыл тұқымдық куәліктерде көрсетіледі. 7. Жануарлардың тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші: 1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жаңадан алынған ұрықты; 2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талапқа сәйкес келетін жаңадан алынған эмбрионды пайдалануға құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының талабы асыл тұқымды тұқымдық жануарды меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |