ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 286 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына 4-қосымша
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО); 2) «www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.11. № 654 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік жылғы 15 тамызға дейін; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|