Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 және «Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 9 ақпандағы № 49 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13537 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 29) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және радиоактивті қалдықтар жинауды, сақтауды және көмуді және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) компаунд – радиоактивті қалдықтар қосылған матрицалық материал; 2) қаптама – тасымалдауға (немесе) сақтауға және (немесе) көмуге дайындалған, пайдаланылып болған ядролық отын немесе радиоактивті қалдықтары бар қаптама комплекті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|