Қазақстан Рсспубликасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 863 және 2006 жылғы 31 қазандағы № 1036 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 802 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 159-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанында: кіріспедегі «Астана қаласы» деген сөздер «______ сериясы_____» деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақтың тоғызыншы абзацындағы «Сақтанушының» деген сөзден кейін «немесе тәуелсіз сарапшының» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын: «26-1._________________________ Шарт бойынша пайда алушы болып табылады. Пайда алушының деректемелерін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтініште көрсетеді.»; 36-тармақ «әрі 20__ жылғы «__» _____ дейін қолданылады.» деген сөздермен толықтырылсын; «Тараптардың деректемелері» деген 15-бөлім «ББК» деген аббревиатурадан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Резиденттік белгісі__________________, Экономика секторының коды _____________________»; өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының үлгі нысанының қосымшасында: тақырыбындағы «жасалған» деген сөз «жасалған №___» деген сөздермен ауыстырылсын; «ауданының» деген сөзден кейін «_______ табиғи-климаттық аймағы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|