Қазақстан Республикасы?кіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және (2022.02.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығының 2-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн: 1) «Кейбiр нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта: 22-тармақтың екiншi абзацында «заң жобалары» деген сөздердiң алдынан «Үкiмет Регламентiнiң 63-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|