«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 759 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 2) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын, қызметін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын комиссия (бұдан әрі – комиссия); 3) жұмыс органы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы; 4) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|