«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 және 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 46 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «АЭА аумағы 1926,1719 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|