|
|
|
«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ҚМУ» КеАҚ) және «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ЕГКАҰО» КеАҚ) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. «ҚМУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, фармацевтикалық препараттар өндірісі, инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер айқындалсын. 3. «ЕГКАҰО» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер, жоғары білім беру, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер, техникалық сынақтар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі, басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қайта ұйымдастырылатын қоғамның меншікті капиталының мөлшерi есебінен «ҚМУ» КеАҚ-ның және «ЕГКАҰО» КеАҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) «ҚМУ» КеАҚ-ның, «ЕГКАҰО» КеАҚ-ның жарғыларын бекітуді және олардың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |