|
|
|
«Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10524 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпаратты-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларында: 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Бірінші басшының не бірінші басшы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың көшірмесін табыс ете отырып, бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның қолымен расталуы тиіс.»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Спиртті өткізу үшін 2-жеткізуші мен 2-алушы уәкілетті органның аумақтық органдарына құрамында мынадай: 1) 2-жеткізуші - 2-алушы туралы, спирттің сұратылып отырған көлемі мен сатылу күні, 2-алушының уәкілетті тұлғасы туралы; 2) 2-алушы - 2-жеткізуші туралы, сатып алынатын көлем мен көлікті жіберу күні (теміржол цистерналары үшін - тиеуге қойған жеткізу күні) және уәкілетті тұлға туралы ақпараты бар хабарламаны жолдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |