|
|
|
Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын және біліктілік талаптарын, уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу тәртібін бекіту туралы
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары және біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |