«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулының нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|