Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік мекемелері құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтайшылық құжаттарын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің орталық аппараты. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің орталық әскери госпиталі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аймақтық әскери госпиталі. 2010 әскери бөлімі. 2014 әскери бөлімі. 2015 әскери бөлімі. 2017 әскери бөлімі. 2018 әскери бөлімі. 2019 әскери бөлімі. 2020 әскери бөлімі. 2021 әскери бөлімі. 2022 әскери бөлімі. 2027 әскери бөлімі. 2086 әскери бөлімі. 2091 әскери бөлімі. 2101 әскери бөлімі. 2177 әскери бөлімі. 2201 әскери бөлімі. 2201 «б» әскери бөлімі. 2458 әскери бөлімі. 2468 әскери бөлімі. 2484 әскери бөлімі. 2534 әскери бөлімі. 2535 әскери бөлімі. 2544 әскери бөлімі. 9807 әскери бөлімі. 9824 әскери бөлімі.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 79 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылатын мемлекеттік мекемелерінің Тізбесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы. |