|
|
|
Сот сарапшысының әдеп кодексін бекіту туралы
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысының әдеп кодексі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған осы бұйрықтың қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 304 бұйрығымен бекітілді
Сот сарапшысы этикасының кодексі
1-тарау. Жалпы қағидалар
1. Қазақстан Республикасы сот сарапшысы этикасының осы кодексі (бұдан әрі - Кодекс) «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. 2. Кодекс Қазақстан Республикасының сот сарапшылары басшылыққа алатын сарапшылық этиканың жалпы принциптері мен нормаларының жиынтығынан тұрады. 3. Сот сарапшыларының Кодекс қағидаларын білуіжәнесақтауы, олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібінің сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады. 4. Осы Кодекстегі этикалық нормалар мен талаптар барлық сот сарапшылары үшін міндетті, олар оны бұлжытпай сақтауы тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |