Осы редакция 2022 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.13.05. № 238 бұйрығымен әлеуметтік қызмет көрсету стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 2-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі - жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, мыналарға: 1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар); 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар); 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар); 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі - мүгедектер); 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі - қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды. Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар деп аталады.
2-тарау. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|