«Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау және «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау тәртібін және жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау мемлекеттік қызмет көрсетуді айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|