Осы редакция 2017 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.27.01. № 87 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына 1-қосымша
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» (2016.27.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы; 2) «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы үшін және порталда 5 (бес) жұмыс күні; 2) басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорация үшін - 15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут; 2) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|