Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 3-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 22-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды. 2. Өнімді мемлекеттік тіркеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі - мемлекеттік органның ведомствосы) жүзеге асырады. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік тіркеу - өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі - БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі - ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі; 2) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі - өнімнің БСЭГТ, ЕАЭО ТР-не сәйкестігін куәландыратын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бірыңғай нысан бойынша беретін өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|