Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 64) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1135 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібін белгілейді. 2. Сақталған жеріне қарамастан мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары республикалық меншік болып табылады. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) есеп - мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысын көрсететін уәкілетті органның, жұмылдыру тапсырмалары бар мемлекеттік органдардың, сақтау пункттерінің есеп беру құжаттамасының нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|