Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыру тетігін іске асыруды үйлестіру.»; орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 383), 384), 385), 386), 387), 388), 389), 390), 391), 392), 393), 394), 395), 396), 397), 398), 399), 400), 401), 402), 403) және 404) тармақшалармен толықтырылсын: «383) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу қағидаларын бекіту; 384) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында көзделген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін бекіту; 385) тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын бекіту; 386) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту; 387) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаны хабардар ету нысанын бекіту; 388) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімнің нысанын бекіту; 389) камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нысанын бекіту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|