Осы редакция 2015 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұдан әрі - ӨҚД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) дербес жедел-тергеу құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. ӨҚД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. ӨҚД-ның құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Талдау және ұйымдастыру жұмысы басқармасынан; 3) Жедел жұмысты ұйымдастыру басқармасынан; 4) Қызметтік тексеру және тергеу басқармасынан; 5) Жеке құрам жөніндегі инспекциядан; 6) Тергеу және жедел ден қою тобынан тұрады. 5. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) өзіндік қауіпсіздік басқармалары ІІД-нің құрылымына кіретін, ӨҚД-ға тігінен (тура) бағынатын және есеп беретін дербес басқармалар болып табылады. IIД Кадр жұмысы басқармаларының, МКҚБ, ІІМ білім беру ұйымдары кадр жұмысы бөліністерінің жеке құрам жөніндегі инспекциялары ӨҚД-ға және ІІД ӨҚБ-ға тігінен (тура) бағынады.
2. ӨҚД-ның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
6. Міндеті: азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Функциялары: 1) ӨҚД-ның құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|