Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында: 1-тармақта: 1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;»; 2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;»; 3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов;»; 2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысында: 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Виктор Васильевич Супрун» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) «Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында: 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Виктор Васильевич Супрун» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|