ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.31.05. № 256 бұйрығымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.12.05. № 196 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қызметі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды өткізген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) заңды тұлғалар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде; 2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар - күнтізбелік 10 (он) күн ішінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|