«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу Қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірлеген және кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер тәртібін анықтайды (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|