«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2019.26.11. берілген өзгерістермен)
Екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 516-521 (27594) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларында: мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты, Қағидалардың 8 және 8-1-тармақтарында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің банктік қарыз шарты бойынша қарыз беруге және қызмет көрсетуге байланысты клиенттің мынадай комиссиялары мен төлемдері: 1) қарыз алуға өтініш пен құжаттарды қарау үшін; 2) қарызды ұйымдастыру үшін; 3) қарыз беру үшін; 4) қарызға қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу үшін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|