|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 39-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сенат пен Мәжіліс аппараттарының қызметкерлері мәртебесі, жалақы мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тиісті қызметкерлеріне теңестіріледі.». 2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 1) 9-бапта: 2) және 7) тармақшалар алып тасталсын; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»; 2) 12-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 3) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.»; 4) 25-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Республика Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етуді Республика Үкіметі Аппараты жүзеге асырады. 2. Республика Үкіметі Аппаратын құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Республика Үкіметі Аппараты басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды лауазымдарға тағайындау мен лауазымдарынан босатудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.». 3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 56-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Уәкілетті органның қызметкерлері мәртебесі, жалақы мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тиісті қызметкерлеріне теңестіріледі.». 4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 1) 4-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік Ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға тиіс.»; 2) 6-бапта: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын; «1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның Палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары Бюроларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Үкіметі Аппаратының, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;»; 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік Елтаңба ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға жатады.»; 3) 10-баптың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын; 4) 11-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының осы Конституциялық заңда бекітілген ұлттық стандарттарға және олардың бейнелеріне сәйкес келетін эталондарын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;». 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 19 сәуір № 222-VІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |