|
|
|
«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы оған «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы қызметінің түрлері: 1) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетші банкіне республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан берілген кредиттерді қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; 3) бұрын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері жөніндегі міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражат бойынша берешекті республикалық бюджетке өндіріп алу; 4) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға және мемлекеттік қарыздарға қызмет көрсету; 5) дебиторлық берешекті өндіріп алу; 6) оңалту рәсімдерінде қатысу; 7) салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің иелігіндегі шектелген мүлікті және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды сату болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |