«Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 10-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібін анықтайды.»; 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) жүргізеді. 4. Монументтік өнер құрылыстарын (бұдан әрі - құрылыс) орнату үшін жергілікті атқарушы органдар монументті өнердің құрылыстарын (бұдан әрі - құрылыс) орнату жөніндегі ұсыныстарын аса көрнекті тұлғаның үлесін және (немесе) тарихи оқиғаның маңыздылығын растайтын құжаттармен қоса тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|