Осы редакция 2017 жылғы 24 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына 1-қосымша
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Инвестиция және даму министрінің 2016.26.01. № 82 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Инвестиция және даму министрінің 2016.26.01. № 82 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты - 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|