ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2023 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (2022.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2022.19.07. № 505 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ; 2) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға; 3) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясында қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|