«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 124-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңнының 41-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:» 1-тармақ мынадай мазмұндағы 57), 58), 59), 60), 61), 62) тармақшалармен толықтырылсын: «57) осы бұйрыққа 57-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы; «58) осы бұйрыққа 58-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы; «59) осы бұйрыққа 59-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы; «60) осы бұйрыққа 60-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|